"Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің Наурызбай батыр атындағы негізгі орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение "Основная средняя школа имени Наурызбай батыра отдела образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

                            

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Құрметті ұстаздар, түлектер және ата-аналар, ең алдымен барлығыңызды да бүгінгі мерекелі күнмен құттықтап қоюға рұқсат етіңіздер! Мінеки, араға жылдар легін салып, кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған біздің ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы отыр. Мектеп қашанда жақсылық пен ізгіліктің, парасаттылық пен руханиятқа толы ойдың, таным мен тәрбиелі істердің ордасы болған. Біздің перзенттеріміз де осында өткізген оқушылық өмірлерінде осындай ұлағатты істердің ұшқынын бойына сіңірді, тәлімімен жүрегін суарды, байыпты бағдарын бағыт етіп ұстанды, біліми көкжиегін бойына дарытты. Біз әр сәт, әр жылдар сайын олардың бойындағы осынау өміршең өзгерістерді байқап, олармен бірге қуандық, бірге мақтандық. Енді оларды өздерінің асыл ұясы — мектебі түлек етіп ұшырғалы отырған күннің де куәсі болдық, бойымызды тағы да ата-ана ретінде мақтаныш сезімі кернеп отыр. Бұл үшін мектеп анаға мың алғыс!

29.05.2024

        

Просмотров: 2431


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст