Текст
2023 жылдың 1 тамызынан бастап елімізде "Мектепке жол" республикалық акциясы басталды. Жалпы республикалық акция 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында өтеді. Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім оқушыларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын - алу. Мектеп әкімшілігі " Мектепке жол" акциясына қатысушы демеушілерге алғыс білдіреді.