Текст
2017 жылғы наурыздың 16-сы күні Наурызбай батыр атындағы орта мектебінде Мемлекеттік тілді үйреніп жатқан өзге өкілдерінің 2-11 сынып оқушылары арасында шығармашылық конкурс өтті. Осы конкурсқа әр сыныптан алғанда 10 оқушы қатысты.
Конкурс 4 номинациядан тұрады.
1. «Әдеби көркем оқу»
2. «Музыкалы қонақжай»
3. «Көркем-театрландырылған қойылым»
4. «Ұлттық-қолданбалы өнер»
Оқушылар өздеріне таңдалған номинация бойынша дайындалып,өз өнерлерін ортаға салысты. Халық әдеби шығармаларынан үзінді оқыды. Мақал-мәтелдер сайысы болды. Мәнерлеп оқу және ілеспе аударма. Жеке тақырып бойынша диалог құрды. Жеңімпаздар І. ІІ. ІІІ орындарға ие болып, мадақтама қағазымен марапатталды.