Қазіргі
кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман
талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген
ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде
мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі
туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заман
талабына сай мұғалім дайын ақпарат бермейді, оқушыларды ізденіске, зерттеп
білім алуға бағыттайды. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ
болып отыр.
С.Л. Рубенштейн:
«Оқушы жұмысқа шынымен – ақ беріле кірісуі үшін оқу
қызметінің барысында оның алдына қойылатын міндеттердің түсінікті ғана емес, ол
іштей қабылдайтындай болуы керек. Олар оқушы үшін маңызға ие болып осылайша
оның толқулары жауап қайтатындай және іргетас табатындай болуы керек» деп
айтқан.
Бұл жалпы айтқанда – уәждеу.
Оқу әрекетінің
құрылымы
Сабақ жоспарлағанда оқу әрекетінің құрылымын анықтаймын. Олар:
1.
Оқу міндеттері
2.
Оқу әрекеттері
3.
Бақылау
4.
Бағалау.
Оқыту үрдісінде
оқушыларды бағыттау жолдары
1. Оқыту үрдісін әр баланың жеке қабілетіне қарай
ұйымдастыру
2.
Жеке тұлғаның
танымдық белсенділігін дамыту
3.
Оқушыны ойлауға
үйрету
4.
Оқушыларға өз
бетінше шешім қабылдауына мүмкіндік беру, шығармашылыққа, білім алудың мазмұны
мен жолдарын таңдауға жағдай туғызу
5.
Оқушыларды өз
іс-қимылдарын бақылауға және өз жұмысының нәтижесін бағалауға бейімдеу
Жеке тұлғаға бағытталған
оқыту технологиясы мен СТО стратегияларын ұштастырып «Бастауыш сынып
оқушыларының жеке қабілеттерін дамытып, жаңа технологиялар арқылы
шығармашылыққа баулу» әдістемелік тақырып
бойынша жұмыс жүргіземін. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен
зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру
мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі «Сын тұрғысынан
ойлау технологиясы».
Сын
тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен,
сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға,
құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге
баулитын бағдарлама.
Сын тұрғысынан ойлауды
үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:
1)
сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;
2)
оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;
3) әртүрлі идеялар мен
пікірлерді қабылдау;
4)
үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;
5)
кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;
6)
оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап
ету;
7)
сын тұрғысынан ойлауды бағалау.
Ал оқушылардан осыған
байланысты:
–
сенімділікпен жұмыс жасау;
–
бар ынтасымен оқуға берілу;
–
пікірлерді тыңдау, құрметтеу;
–
өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.
Сабақ құрылымы
Сыни ойлау сабағының
құрылымдық формуласы 3 кезеңнен (ERR) тұрады:
I.Қызығушылығын
ояту(
«көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға
қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа
материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Бұл
кезеңде сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы
шыңдалып, ашылады. Сабаққа
белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты
таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған
стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.
ІІ. Мағынаны таныту (
мағынаны ажырату) – Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
Бұл негізгі кезең сондықтан оқылып
жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.
III.
Ой-толғаныс
( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – бұл тұжырымға келу, қорытындылау,
жаңа білімді бекіту кезеңі. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде
үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар
осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын
көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.
Қызығушылығын ояту
кезеңінде: әлемді
шарлау, топтастыру, таза тақта, топқа
бөлу;
Мағынаны
тану кезеңінде: ой шақыру, Insert, Венн диаграммасы;
Ой-толғаныс кезеңінде: бес
жолды өлең, эссе, автор орындығы, семантикалық карта стратегияларын қолданамын;
БББ стратегиясын сабақ бойы қолдануға болады.
Мысалы: қазақ тілі
пәнінен «Реттік сан есім» тақырыбын өткенде қызығушылықты ояту кезеңінде есептік сан есімді пысықтау ретінде
топқа бөлу стратегиясын қолдандым. Оқушылар сюжетті сурет бойынша құрамында
есептік сан есімі бар сөйлем құрастырды. Олар жеке – жұпта орындап – топта
талқылап – ортаға қорғап шығарды.
Мағынаны тану кезеңінде ой шақыру және Insert стратегиясын
қолдандым. Өмірде реттік сан есімдер қай жерде кездеседі? Деген сұрақ қойдым.
Сыныпта (екінші қатар, бірінші парта), дене шынықтыру сабағында (бірінші екінші
үшінші болып саналады), көпқабатты үйлерде (сегізінші үй, отыз бесінші пәтер).
Мәтіннен реттік сан есімдерді түртіп жазып алады.
Ой-толғаныста: семантикалық карта, БББ
стратегиясын қолдандым.
СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:
СТО сабақтарда |
Дәстүрлі сабақтарда |
Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады. |
Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді. |
Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым. |
Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді. |
Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым. |
Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды. |
Бұдан шығатын тұжырым: дәстүрлі
сабақта оқушы мұғалімнің көмегімен білім алса;
сыни тұрғыдан ойлау
сабағында оқушы білімге өзі жетеді, мұғалім тек бағыт беруші.
Аталмыш
стратегияларды қолдана отырып оқушылардың білім сапасы артты.
2015-16
оқу жылының басында білім сапасы 73 пайыз болатын, оқу жылы соңында 90 пайызға
дейін өсті; 2016-17 оқу жылының басында білім сапасы 70 пайыз болатын үшінші
тоқсанда 86 пайыз болды.
Қандай нәтижеге жеттім
Педагогикалық іс-тәжірибемді сараптай келе көз жеткізгенім,
қандай ұстаз өз шәкірттерінің білімге деген құштарлығын жетілдіруді аңсамайды.
Осы мақсатта әр оқушыға тән жеке ерекшеліктерді, білім деңгейін ескере отырса,
оқу білім жүйесіндегі жаңалықтарды, озық тәжірибелерді тиімді қолданған жөн.
Сабақта СТО
технологиясына негізделген әдіс тәсілдердің түрлерін пайдалану оқушылардың жан
жақты дамуына мол әсерін тигізеді.
-
Оқушылар
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренді;
-
Шығармашылық
ой-өрісі
артты;
-
Мұғалім
мен оқушылардың қарым-қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артты;
-
Оқушы
өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренді;
-
Білімін
жүйелі түрде толықтырды;
-
Өз
әрекетіне сын тұрғысынан қарайды;
-
Тұжырым
жасап, қорытындылауға үйренді;
-
Оқу
міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырды.