Наурызбай батыр атындағы орта мектебінде
қыркүйектің 11 – нен 16- на дейін
Қазақстан Республикасы халқының тілдері күніне арналған
онкүндік шаралары өтті.
Туған тілім – тіршілігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сөз ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
(Ә. Тәжібаев)
Иә, халық жазушысы Әбділда Тәжібаев айтқандай
тілімізбен бірге өсіп, тілімізбен бірге өшеміз. Тіл – біздің байлығымыз, әрі
шешен, өткір дамыған дана тіл.
Мұхтар
ағамыз айтандай: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам
толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық
білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңар жақ азамат болады»
Осындай бай тілді құрметтеу әрбір оқушының
міндеті деп ойлаймын. Тіл мерекесіне байланысты біздің Наурызбай батыр атындағы
орта мектебінде де 10 күндікке арналған іс-шаралар өтті.
Мерекенің басты мақсаты: ана тілінің маңызы
мен қоғамдағы орнын, жас ұрпақтың ана тілінің қадір қасиетін түсіне білуін,
балаларды туған тілін сүюге, оны құрметтеуге және қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Мектептің пән мұғалімдері де ат салысып, оқушыларды іс-шараларға белсенді
қатыстырып, көрнекілерін қолданып, жоғары дәрежеде өткізді.